Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді. Келісімге сай, әрбір ЕАЭО мемлекеті өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы тағайындайды және төлейді.

Қалай жүзеге асырылады?

 Әрбір еңбекші өз елінің заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын төлейді 

Жинақталған еңбек өтілі жетпеген жағдайда, басқа ЕАЭО елдеріндегі еңбек өтілі ескеріледі

ЕАЭО азаматтары зейнетақы алу үшін өз елінің немесе жұмыс істеген елінің құзыретті органына өтініш бере алады.

 Қазақстанда қалай іске асырылады?

Зейнетақы төлемдері Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

Зейнет жасына жеткенде немесе 1, 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген жағдайда төлемдер жүргізіледі.

 2021-2025 жылдар аралығында Қазақстанда:

  • Қазақстан аумағында жұмыс берушілермен жасалған еңбек, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 97 378 еңбекші-азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылып, өтінішсіз тәртіппен жеке зейнетақы шоттары ашылды;
  • Еңбек шартының негізінде Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған және олардың зейнетақы жүйелеріне сақтандыру жарналарын аударған Қазақстанның 11 азаматына аталған елдердің құзыретті органдары жасына байланысты өмір бойғы зейнетақы тағайындады. - 180 еңбекшіге Қазақстан заңнамасы бойынша зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды; - 22 мұрагерге еңбекшілердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT