Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

  Зейнетақыңыздың көлемі Сіздің зейнетақы жинақтарңыздың көлеміне тікелей байланысты, ол өз кезегінде міндетті зейнетақы жарналарының толық көлемде уақытында төленуі арқылы қалыптасады. Жеке кабинет арқылы өз шоттарыңызды үнемі бақылап отыру – болашақта алатын зейнетақыңыздың көлемін шынайы бағалауға мүмкіндік береді және жинақтарыңызды арттыру үшін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі.

 Неліктен жеке кабинет - ең тиімді тәсіл?

  • Қолайлылық: кез келген уақытта, әлемнің кез келген нүктесінен ақпаратқа қол жеткізу.
  • Сенімділік: жұмыс берушілердің жарналарын уақытылы және дұрыс енгізіліп жатқанын бақылау.
  • Жылдамдық: шот туралы айқын ақпаратты бірден алу.
  • enpf.kz сайтында және ұялы қосымшада кез-келген уақытта қолжетімді.

  Статистика: 2025 жылдың 1 наурызына дейін 5,4 млн-нан астам зейнетақы шоты туралы үзінді көшірмелері берілді, оның ішінде 4,4 млн-ы электронды түрде берілді. Әлі күнге дейін электрондық немесе дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірмеңізді күтіп жүрсіз бе? Егер салымшы (алушы) бұрын ақпарат алу әдісін «электрондық пошта» немесе «пошта қызметтері арқылы» таңдаған болса, бұл тәсілдер өз еркімен бас тартқан уақытта тоқтатылады (жеке кабинет арқылы немесе БЖЗК кеңсесіне бару арқылы). Еске сала кетейік, заң бойынша электрондық пошта немесе тұрғылықты мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы 10 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға хабарлауыңыз керек. Әйтпесе, бұрынғы мекенжайға жіберілген хат (үзінді көшірме) қайтып келіп, БЖЗҚ жаңа мекенжай туралы деректемелер жаңартылғанға дейін пошта арқылы таратуды тоқтатады. Өз деректеріңізді, соның ішінде электрондық пошта немесе тұрғылықты мекенжайды, жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада жаңарта аласыз. Бүгінгі бақылау – болашаққа сенімділік!

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT