Азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін де алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл жарналардың осы түрінің көп артықшылықтарының бірі ғана. Сондай-ақ, салық заңнамасында жеке тұлғаның ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен төлеген кезде төленетін сомаға салық шегерімі көзделген.
Жұмыс берушілерге келетін болсақ, олар да салықтық жеңілдіктерге ие болады. Мәселен, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салықтық жеңілдіктерге ие болады.