Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл жүзеге асырылуда. Оның аясында Ұлттық қордың валюталық инвестициялық кірісінің 50%-ы 2006 жылдан бастап туған Қазақстан азаматтары арасында жыл сайын бөлінеді.

2006-2007 жылы туған және 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жастардың мақсатты жинақтары (МЖ) олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған мақсатты жинақтау шоттарына (МЖШ) аударылды. Бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.

Маңызды! Кәмелетке толған азаматтар, сондай-ақ 2025 жылы 18-ге толатын жастар, өздерінің мақсатты жинақтарын ЕНПФ немесе eGov сайтындағы жеке кабинет арқылы өздері тексеруі керек.

 Бағдарлама бойынша аударылған қаражат:

  • 2023 жыл – 100,52 $
  • 2024 жыл – 129,38 $

2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.

Төлем алу үшін АҚШ долларында банктік шот ашу, уәкілетті оператор (УО) арқылы өтініш беру және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растау қажет.

 Егер 10 жыл ішінде қаражат пайдаланылмаса, олар автоматты түрде Ұлттық банктің бағамы бойынша теңгеге айналып, БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ретінде есепке алынады. Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыз!

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT