ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ

 2022 жылғы 28 наурыз күні Атырау қаласында "Қазақстанда адами капиталды дамыту" тақырыбында форум өтті. Шараға "Talap" КЕАҚ, Білім басқармасы, колледждердің және ірі компаниялардың басшылары мен оқытушылар құрамы, "Теңізшевройл" ЖШС, "KazMunaiGaz Automation" ЖШС, "BAZIS HOLDING COMPANY"ЖШС өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Атырау APEC Training center Халықаралық аккредитациясын алуға және National Center for Construction Education and Research (NCCER) халықаралық ұйымының оқыту және тестілік бағдарламаларын қазақстандық ТжКББ ұйымдарына қолдану, оқыту және тестілеу бағдарламаларын жаңарту, АҚШ мойындаған әлемнің кез келген елінде немесе компаниясында алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесі сөз етілді.

"Жас маман" жобасы аясында жабдықталған Ақтөбе облыстық ТжКББ ұйымдарының ішінен Ойыл аграрлық колледжі, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжі, Ақтөбе сервис колледжі, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Ақтөбе автожол колледждері қатысып, кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарының (салалық аккредиттеу) талаптары, аккредиттеуден өту алгоритмі және колледждердің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылымен танысты. Сонымен қатар, форумға қатысушылар тәжірибе алмасу және халықаралық аккредиттеу процесін жаңа бастаған колледждерді сүйемелдеу үшін бірыңғай диалог алаңын құру мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар жаңа Қазақстан үшін сертификатталған мамандардың бірыңғай базасын құру және колледждердің халықаралық аккредиттеуден өтуіне жағдай жасау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы келісті.

Спикерлер:

"APEC Training Center" ЖШС директоры Секербаев Асқар Мұхамбетұлы,

"Talap" КЕАҚ Вице-президенті Татибеков Санжар Мейірханұлы,

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлы,

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Кулсейтова Гүлназ Амирбековна колледждерді халықаралық аккредитациядан өткізу, кәсіби мамандарды халықаралық дәрежеге көтеру, "Жас маман" жобасы аясында жабдықталған колледждердің мәртебесін арттыру мәселесін баяндап, ойларымен бөлісті. Өзара ашық алаң құрылып, пікірлері мен ұсыныстары айтылды. Форум қорытындысы бойынша "Talap" КЕАҚ, Ақтөбе облысының білім басқармасы, сондай-ақ Талдықорған жоғары политехникалық колледжі APEC Training Centerімен халықаралық аккредитация алуға жәрдемдесу туралы Меморандумға қол қойды.

Әр облыстан қатысқан қатысушыларға сертификаттар табысталып, форум қорытындыланды.

 

 АҚТӨБЕ, АЛМАТЫ, АТЫРАУ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ПІКІР АЛМАСЫП, ӨЗ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

 «Education. Science. Innovation» жобасы аясында облыстық семинар-практикум өтті.

Тақырыбы: «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» Бағдарламаға сәйкес, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурмолданова «ТжКБ ұйымдарындағы балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша білім алушылардың жетістіктерін бағалау», Атырау облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығы ТЖКББ бөлімінің басшысы Г.Бегалиева «ТжКББ ұйымдары педагогтерінің қызметін әдістемелік сүйемелдеу және қолдау», Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Газизуллина, арнайы пән оқытушысы Р.Даримова және Ақтөбе сервис колледжі директордың ӨІЖ орынбасары А.Оралбаева «WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу» тақырыптары бойынша баяндама жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» және «Е-портфолио жүйесін рәсімдеу талаптары» бойынша орталық әдіскері Г.Кулсейтова мен Е-портфолио порталының техникалық үйлестірушісі Б.Жуманазарова тың ақпараттар беріп, Е-портфолио жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын білдірді.

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘРІПТЕСТІК КЕЗДЕСУ

Білім беру, ғылыми-инновациялық қызмет саласында бірлескен өзара тиімді ынтымақтастық пен ақпарат алмасу үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік орталығы арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында білім беру үрдісіне инновациялық ғылым жетістіктерін енгізу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы білім сапасын қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Тараптар білім берудегі әдістемелік қызмет пен ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, нәтижесінде екіжақты тиімді бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы келісімге келді.

Әдістемелік әріптестік кездесу нәтижесінде өзара ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1