Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Сапалы видеоны жасаудың құпиясы» атты облыстық семинар өтті. Онлайн тәртібінде өткізілген семинарға информатика пәні мұғалімдері қатысып,  орталықтың директор орынбасары Скакова Жемис Бердигалиевна алғы сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинар бағдарламасына сәйкес Мобилографтар тәлімгері, «Cinematic pro» негізін қалаушы Рысқұл Жәнібек Сағидоллаұлы видео түсірудегі алғашқы монтаждың техникаларымен таныстырып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды. 

Семинар барысында «Кадр реттілігі. Жарық түрлері. Сиқырлы жылдамдық. Саунд дизайн (дыбыс)», сонымен қатар «Capcut» қосымшасында монтаждауды қатысушыларға үйретіп қана қоймай, олардың практика жүзінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарына жауап берді.

Қатысушылар кері байланыс жасап, жақсы пікірлерін айтып, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1