Ағымдағы жылдың 27 – 31 қаңтар аралығында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smart Bala» жобасы бойынша «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында өткізілді.

Мақсаты: жас дарынды оқушыларды ғылым, техника және инновация саласында шығармашылық ойлауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ынталандыру.

Бұл конкурс жас ұрпақтың инженерлік және ғылыми қабілеттерін дамытуға, оларды жаңашылдық пен өнертапқыштыққа баулуға бағытталған. Сондай-ақ, қатысушылар конкурс барысында өздерінің инновациялық жобаларын таныстырып, түрлі салаларда қолдануға болатын жаңа шешімдер ұсына білді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан