Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 ақпан   күні сағат 10.00 онлайн форматта «Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек», «1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күні», «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыптарында 7-9 сынып білім алушыларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді. 

Интерактивті сабаққаТөтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Аманшев Кайрат Искаерович кысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелерімен таныстырып өтті. Аппаттар медициналық орталығының маманы Жургенбай Дархан Темирланович салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы қандай медициналық көмек көрсетілу керектігін атап айтты.

Сабақ барысында қыс кезінде қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 220 мектеп, 3387 оқушы қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан