Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 25 ақпан күні «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін, әлеуметтік-қоғамдық және арнайы пәндерді оқытудың ерекшелігі» тақырыбында облыстық шебер класс өтті. Өту барысы офлайн негізінде жүзеге асырылды және басқа колледж оқытушылары да көру үшін ZOOM платформасы арқылы тікелей трансляцияланды.

Іс-шараға ТжКББ ұйымдарының оқытушылары қатысып, облыстың озық тәжірибелі педагогтері Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ж.С.Тлеукабылова, Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің философия пәні оқытушысы Н.Т.Ахметова, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.М.Канибекова, Ақтөбе сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Н.Избаеваның өткізген шебер кластары арқылы тәжірибе алмасып, пәндерді оқытудың ерекшелігімен танысты. Шараның қорытынды кезеңінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, педагогика және психология магистрі А.А.Тоқсанбаева білім алушыларға пәнді меңгертудің әдіс-тәсілдерін үйретіп, жағымды психологиялық хал-ахуал орнату бойынша қатысушыларға психологиялық кеңестер берді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1