Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы  психологтің қызметі» атты облыстық семинар болып өтті.

Шараны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Т.М.Кужагалиев  алғы сөзбен ашты.

Семинарда Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының әдіскері П.А.Жайлыбаева «Ерекше білімді қажет ететін балалардың диагноздарына клиникалық тұрғыдан түсінік беру» тақырыбында баяндама жасап, ол балалардың психо – физиологиялық ерекшеліктерін жеке – жеке тоқтала отырып, оларды диагностикалау, оқытудың әдіс – тәсілдеріне  кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психолог-әдіскері А.А. Тоқсанбаева «Ерекше назардағы балалардың ата – аналарына психологиялық қолдау беру» тақырыбында сөз алып облыстық инклюзивті білім беруші мамандарға тың ақпараттар таратты.

 

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1