Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес, педагогтің озық іс-тәжірибесін жалпылау мақсатында 2021 жылғы 4 мамыр күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың тарих пәні мұғалімі Смадияр Күнімайгүл Смадиярқызы «XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті» тақырыбында 6 класс оқушыларына қашықтан ZOOM конференциясында ашық сабақ өткізді, шараға 60-тан астам облыс педагогтері қатысты.

Сабақ барысында PADLET тақтасы арқылы үй тапсырмасы сұралды, ой қозғау, сабақ тақырыбын анықтау үшін оқушылар Қазақстанның Ұлттық музейіне (kazmuseum.com) виртуалды саяхатқа шықты, қашықтан 5 топқа бөлініп, берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін, ойларын ортаға салды.

Кері байланыста оқушылар киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі екендігін дәлелдей алды, өз көзқарастарын нақты жеткізді. Сабақ соңыңда қатысқан әріптестер өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Тарих мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған сабақ жақсы деңгейде өтті.

А.Искендирова, АОҒТО бөлім әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1