Ақтөбе облыстық жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған «Өндірістегі бір күн» онлайн экскурсиялық кездесу өтті.

«Мамандық таңдау - әр жасөспірім мен оның ата-анасының алдында туындайтын мәселе. 9-11 сынып оқушылары қазірден бастап болашақта немен айналысып, қандай мамандық иесі болғысы келетінің білгені дұрыс» - деп кездесуді Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі, психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, Меруерт Жубандыкова бастады.

Сол себепті, жасөспірімдер өз болашағын елестеп көрсін деп, қаланың бірнеше колледж өкілдерімен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Мысалы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің арнайы пән оқытушысы Қазалбаев Дамир Амангелдіұлы «СТУДЕНТТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАДАҒЫ КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕСІНЕН БІР КҮН!» тақырыбында әр білім алушының бір күндігін тікелей эфирде көрсетті.

Ал, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің арнайы пән оқытушылары білім алушыларының мамандықтары бойынша «Өндірістегі бір күнім» атты бейнероликпен таныстырды.
Және де Жулдубаева Айгерім Айдосқызы «ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДА ОҚУ ҮРДІСІН ӨНДІРІСПЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ» тақырыбында әр білім алушының өндірістегі бір күндігін тікелей эфирде көрсетті.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1