21-сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы, №6 Хромтау гимназиясының информатика пәні мұғалімі Жаржанова Жайнагуль Куандыковна «Информатика сабағында оқыту үшін бағалаудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық шебер класс өткізді.
Онлайн шебер классқа информатика пәні мұғалімдері қатысты. Жайнагуль Куандыковнаның іс-тәжірибесімен танысып, информатика сабағында бағалаудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланудың жолдарымен танысты. Жайнагуль Куандыковна сабақ барысында https://classroomscreen.com/ интерактивті тақтасын пайдалану мүмкіндіктерін, сондай-ақ оқыту мен оқытуды қолдау үшін жалпыға қол жетімді білім беру платформалары мен онлайн серверлер арқылы қолдануды таныстырды.
Шебер класс соңында қойылған сұрақтарға жауаптар алынды, қатысушы педагогтермен кері байланыс жасалып, ұсыныстар айтылды.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1