М.Тынышбаева, 43а

info@aktedu.kz

8 (7132) 90 58 11

2021 жылдың 19 наурызында Ақтөбе облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ақтөбе облысының білім басқармасы мен  "Өрлеу "БАҰО"АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ  бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы әдістемелік айлық аясында аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері үшін әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн  тәртібінде бастауыш сыныптарда әдістемелік қызметті жүзеге асыру жолдары, жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысы туралы мәселелер қарастырылды.

 Кездесу барысында орталық директорының міндетін атқарушы  Д.Жаманбаева облыстық жобалар аясында жүргізіліп жатқан әдістемелік жұмыстарға, орталық директорының орынбасары Ж.Исатаева әдістемелік кабинеттердің жүргізетін қызметтерінің бағыт-бағдарына тоқталды.

Күн тәртібіне орай орталық әдіскері С.Жубаева бастауыш сатыдағы әдістемелік қызмет түрлеріне талдау жасап, ізденіспен тәжірибе алмасу, нәтижеге жету жолдарына және Қарғалы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Биманбаева нәтижеге жету жолында жүргізілген әдістемелік қызмет түрлерін баяндады.

Екінші сұрақ бойынша орталықтың инклюзивті білім беру  тәрбие бөлімінің әдіскері Н.Ж.Жалғас «Мен болашағымды таңдаймын» жобасының жүзеге асырылуы  және жалпы білім беретін мектептерде  кәсіби бағдар беру жұмысының ұйымдастырылуы туралы,  техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі М.К.Жұбандықова колледждердегі  мамандықтар бойынша ақпарат алатын «Новигатор» және «Вертуалды саяхат» жобаларына тоқталды.

Кездесу барысында ұсыныстар қабылданып, кабинет меңгерушілері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1