Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтеріне арналған «Кәсіби білім беруде жасанды интеллектінің рөлі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік педагогтері жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы оқу процесін трансформациялау, білім алушылардың қызығушылығын арттыру, кәсіби білім беру саласында жасанды интеллекті технологияларының элементтерін қолдану және презентациялар дайындау жолдары мен құралдары таныстырылды. Сондай-ақ, жасанды интеллектінің артықшылықтары туралы озық тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдары ұсынылды.
Ашық алаңда қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері қабылданып, шара қорытындыланды.