Тарих пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 26 ақпанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту кезінде тиімді кері байланыс ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Шараның теориялық бөлімі мен практикалық бөлімдерін ұштастыра отырып  Ойыл ауданы, Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Жанпейсова Гулдерайым Исақызы «eTreniki, Padlet, ZOOM» платформалары арқылы қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс алу жолдарын ұсыну» тақырыбында және Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сарыбаева Гүлназ Әкімжанқызы «Қашықтан оқыту кезінде WhatsApp, OnlineMektep  платформаларында кері байланыс ұйымдастыру» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тарих мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған семинар жақсы деңгейде өтті.

 

 

А.Искендирова, АОҒТО бөлім әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1