Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың құқығының қорғалуы және әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жұмыс түрлері» тақырыбындағы әлеуметтік педагогтердің облыстық отырысы ұйымдастырылды.
Отырыстың алғы сөзін алған Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Ж.А.Исатаева әлеуметтік педагогтардың жұмысы ауқымды екенін атап өтіп, сәттілік тіледі.
Отырыс жұмысына Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Б.К. Айтбаева қатысып, өз сөзінде мемлекеттен қарастырылған әлеуметтік көмек көрсету ережелерінің жекелеген тармақтарын атап өтті. Облыстың білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтардың жұмыс жағдайы туралы қысқаша баяндады.
«Заманауи педагогтің кәсіби мәдениеті» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жұбандықова презентация жасап, кеңестер берді.
«Әлеуметтік педагогтің қызметі және құқықтары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері С.Ж.Марат баяндап, қызметтік бағыттары мен құқықтарына тоқталды.
Отырыс бағдарламасына сай «Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жұмыстары» тақырыбында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің әлеуметтік педагогы А.Ә.Андақұлова, «Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Ж.Бижанова, «Әлеуметтік жағдайы төмен білім алушылармен жұмыс» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Ю.Ыбраймова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Отырыстың соңында қатысушылармен аталған тақырыптар төңірегінде талқылау жүргізілді.