Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 25 желтоқсан 2021 жылы Новый орта мектеп-лицейінде «Бастауыш кластарда оқу мен оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық шебер класс отырысы болып өтті. Отырысқа облыс мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері қатысты.
Шебер кластың мақсаты Ақтөбе облысының бастауыш класс мұғалімдеріне оқу мен оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастыру жолдарын көрсету.
Шеберлік сағатында Новый орта мектеп- лицейінің бастауыш класс мұғалімі, шебер-класс жетекшісі Хабибуллина Жанна Батияровна қатысушылармен бірге оқу мен оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін талқылап, сабақты жоспарлауда ескеру қажет 5 фактор туралы теориялық мәліметтер берді. Практикалық бөлімінде «Жасыл қалам» қағидаты, «Пазл», «Бір мәтінмен жұмыс» әдістері көрсетіліп, отырысты «Рефлексия пирамидасы» арқылы ұтымды аяқтады.