2021 жылдың 24-мамыры күні бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған ассоциация отырысы «Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің  алуан түрлілігі: іздеу, жетілдіру» тақырыбында облыстық конференция түрінде zoom платформасы арқылы өткізілді.

Ассоциация отырысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаеваның алғы сөзімен ашылды.

Ассоциация лидері Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Т.В.Михайлова  оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістеріне тоқталып, оны жетілдіру жолдарын өз тәжірибесімен ұштастырды.

Отырыс барысында ассоциация мүшелері Алға ауданы №4 Алға орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Людмила Вихрева мұғалім мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ата-аналар жиналысы туралы өз іс-тәжірибесімен бөліссе, Қобда ауданы Қобыланды батыр атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Людмила Герц кіші мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі жобалау технологиясы туралы сөз етті.

Жұмыс соңында мұғалімдермен ашық диалог құрылды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1