Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 30 наурызы күні ZOOM платформасында «Оқу процесіне жобаларды енгізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту» шығармашылық зертханасының кезекті отырысы болып өтті. Шығармашылық зертхана құрамына облыстың 15 бастауыш сынып мұғалімдері кірді.

Шығармашылық зертхана жұмысына Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі С.О. Жубаева және Ақтөбе қаласы №28 орта мектебінің директоры А. А. Баймағамбетова қатысты.

Шығармашылық зертхана жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі А. Х. Байбусинова бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын тиімді дамытуда әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс істеуге және қорытынды жасауға мүмкіндік беретін амалдарды ұсынды.

Шығармашылық зертхана мүшелері: №1 Мәртөк ОМ бастауыш сынып мұғалімі Б.Ж.Мустафин, Көктау орта мектебінің бастауыш  сынып мұғалімі А.К.Сейтжанова, В.И. Пацаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Л.А.Пономаренко «Бумаге вторую жизнь», «Будь природе другом», «Орфография в названиях конфет» тақырыптарында оқу жобаларын көрсетті.

Мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қызметі тек оқыту әдістерінің бірі ғана емес, бұл оқу–тәрбие қызметінің ерекше стилін қалыптастыру жолы екенін атап өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1