Ағымдағы жылдың 29 наурызында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сыныптарда қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жетілдіру» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы №20 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері облыстық семинар-практикумын ZOOM платформасында өткізді.

Семинар жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф. ғ. магистрі С.О.Жубаева ашты.

Ақтөбе қаласы № 20 мектеп-лицейінің директоры Б.А.Урумбаева бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалы құрамы мен кәсіби өсуіне, олардың жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы белсенділігіне назар аударса, бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Г. А. Ирбулатова бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің қызметімен таныстырды.

Сонымен қатар, семинарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сыныптарда қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша теориялық материалдың презентациясымен мектеп координаторы Т. З. Жетыгарина және директордың  ҒӘЖ бойынша орынбасары Г. М. Хамзина өз тәжірибелерімен сөз сөйледі.

Тәжірибелі мұғалімдер Е.Н.Сабадаш, О.Ю.Гелих, Т.М.Наумцева бейнероликтер мен презентациялар арқылы өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар жас мұғалімдер А.А.Миронова, Р.Маширикова, В.О.Заришняк, М.К.Курмалова бастауыш сыныптарда бағалаудың түрлері мен формаларын таныстырды.

Семинар қатысушыларына жүргізген Ш.Н.Гайнадуллина мен Н.Т. Кульниязованың коучинг, тренингтерінде мұғалімдердің бағалаудағы негізгі мәселелері анықталды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Дәрібаева бастауыш сыныптарда қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жетілдіру бойынша семинарды қорытындылады.

 Кері байланыста семинарға қатысушылар мектептің әдістемелік бірлестігінің жұмысы туралы жылы лебіздерін білдіріп, мұғалімдер жұмысының шығармашылық тәсілі мен жан-жақты формаларын атап өтті.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1