Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен,  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім   беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 2021 жылғы 19 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық Академиясында 23-33 жас аралығындағы педагогтардың қатысуымен «Қазақтың текті келіні» атты облыстық байқау өткізілді.

     Байқауға қалалық, аудандық білім бөлімдері мен облыстық мектеп-интернаттардан 13 педагог-келін қатысты. Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады.

    Байқаудың қазылар алқасының құрамына кәсіподақ комитеттері, Жұбанов атындағы АӨУ, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік білім беру орталығы, педагогика саласының ардагерлері   мен тәжірибелі мұғалімдер кірді.

      Жарыс қорытындысы бойынша 10 қатысушыға   «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі шипажайға жолдама берсе,  «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім   беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі бас жүлдеге ие болған қатысушыға  50000 теңге, 2 номинация иегерлеріне 10000 теңге көлемінде қаржылай  сертификаттармен,  ұйымдастырушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1