2021 жылғы 12 наурызда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынң жоспарына сай аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, математика, физика, психология пәніне жауапты әдіскерлерге арналған әдістемелік күн өткізілді.

         Тақырыбы: «Математика сабақтарында PISA тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру» және «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары».

         Әдістемелік күн онлайн тәртібінде, ZOOM платформасында өткізілді.

         Іс-шараны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының м.а. Д.Жаманбаева алғы сөзбен ашты.

         Іс-шара барысында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова  «Математика сабақтарында PISA тапсырмаларын қолдану» тақырыбында баяндама жасады.      

         Сонымен қатар Қобда аудандық білім бөлімінің математика және физика пәніне жауапты әдіскері Е.Қаратаев «Қобда ауданы бойынша  PISA халықаралық зерттеуі аясында  оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру » тақырыбында презентация жасады.

         Инклюзивті білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.А. Тоқсанбаева «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары » тақырыбында баяндап өтті. Келесі кезекте Шалқар аудандық білім бөлімінің психология пәнінің әдіскері С.З.Есбосынов «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында сөз қозғады.

         Қатысушылар іс-шара соңында тәжірибелерін ортаға салып, өзара пікір алмасты.

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің  әдіскері                                    Ғ.Байсейтова            

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1