2021 жылдың 12-наурызында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған ассоциация отырысы «Лэпбук шеберханасы - мұғалім жұмысындағы жаңа құрал» тақырыбында ZOOM  платформасы арқылы өткізілді. Ассоциация отырысының кіріспе бөлімінде облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева сапалы білімге қол жеткізу мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы мен шығармашылық жетілуіне байланысты екеніне тоқталды.

Ассоциация жұмысын  қауымдастық көшбасшысы, Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Т.В.Михайлова жүргізді. Алдымен ол лэпбук шеберханасы туралы, оның мақсаттары мен артықшылықтары, осы жұмыс түрін құрудағы мұғалімнің рөлі туралы айтып, практикалық түрде жұмыс жүргізді.

Тәжірибе барысында Мұғалжар ауданы Ақкемір жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Н.Х.Бержанова өз тәжірибесімен бөлісіп,  оқушыларының лэпбуктерін көрсетті.

Соңында мұғалімдерге кері байланыс жасалып, өте жақсы пікірлер алынды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1