2021 жылдың 11-наурызы күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес ZOOM платформасы арқылы Ақтөбе қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманиязова Сара Советовнаның жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» шығармашылық шеберхана жұмысының кезекті отырысы болып өтті.

Шеберхана отырысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаеваның алғы сөзімен ашылып, Ақтөбе қаласы, №69 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры А.Әбдіжәлелованың сөзімен жалғасты.

Шеберхана жетекшісі С.Иманиязова «Оқушының зерттеу белсенділігін арттыруда топтық жұмыстың ролі» тақырыбында таныстырылым жасап, өз тәжірибесінен әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шеберхана мүшелері де өз тәжірибелерінен сабақтарынан үзінді көрсетіп, топтық жұмыс арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін ашу жолдарын ортаға салды.

Қашықтан өткізілген отырысқа қатысушы мұғалімдер белсенділік танытып, жұмыс соңында кері байланыс жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1