Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 11 наурызы күні Ақтөбе қаласы №61 ЖББОМ базасында  «TIMMS,PISA нәтижелері негізін басшылыққа алып құрастырылған тапсырмаларды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыруда тиімді пайдалану»  тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: жаратылыстану-математика  бағытында сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және тәжірибе алмасу

Вебинар  барысында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері  Ғ. Байсейтова, №61 жалпы білім беретін орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Ж.Бисембаева алғы сөзбен бастады.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ доценті, ф-м.ғ.к. А.Иманчиев «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында математика пәні бойынша есептерді шешу жолдарының оңай тәсілдерін көрсетті.

Ақтөбе қаласы №61 ЖББОМ пән мұғалімдері  С.С.Калмагамбетова «Білім беру саласындағы жаһандық реформа: дамуды бағалайтын халықаралық зерттеулер» тақырыбында,   физика пәні мұғалімі Б.У.Тореева «Физика сабағында PISA тапсырмаларын қолдану» бойынша түрлі практикалық жұмыстар көрсетті.

Математика пәні мұғалімі Қ.Ж.Қартабаев «Математикалық сауаттылық-математикалық логика» тақырыбында қатысушылармен логикалық тапсырмалар орындады.

Биология пәні мұғалімі Г.М.Көптілеуова «Заманауи  педагогтың цифрлы сауаттылығы мен құзіреттілігі: Online сабақты тиімді жүргізуге ұсыныс» тақырыбында, «Қашықтан оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында виртуалды зертхананы қолдану мүмкіншіліктері»  тақырыбында п.ғ.магистрі, химия пәні мұғалімі М.А.Жарылқасын іс-тәжірибесімен бөлісті.

     Вебинар соңында  қатысушылармен кері байланыс өткізіліп,мұғалімдер өзара пікір алмасты.

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің әдіскері                                   Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1