2021 жылдың 4-наурызында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік   орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес кезекті биология пәнінен әдістемелік күн өткізілді. Барлығы 100-ге жуық мұғалім қатысты.

Әдістемелік күн аясында №1 Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі, облыстық «Жыл таңдауы–2020» байқауының жеңімпазы  Қаржауова Динара Хамитқызы 10-сыныпта "Жердегі тіршіліктің қалыптасу кезеңдері" тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

Мұғалім сабақ барысында Google Jamboard интерактивті тақтасын, сондай-ақ жалпыға қол жетімді интерактивті модульдер арқылы оқыту мен оқытуды қолдау үшін LearningApps.org платформасын қолданды.

Сабақ аяқталған соң қатысушы педагогтер кері байланыс жасап, өзара пікірлерімен алмасты. 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1