ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің Қазақстандағы еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім береді?
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №163, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №304 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органмен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өзара іс - қимыл реттемесіне - (бұдан әрі – Реттеме) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Реттеме Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021 ж. № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітіліп, 26.05.2023 ж. күшіне енген.
Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аударуға мүмкіндігім бар ма және оны қалай жасауға болады?
Иә, мұндай мүмкіндік бар. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісімнің (ЕАЭО Келісімі) 3-бабына сәйкес ЕАЭО елдерінің еңбекші-азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарының құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттар және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүргізіледі. Бұл ЭАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің осы одаққа мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарын өз азаматтарына берілетін шарттарға тең көлемде ұсынатынына кепілдік беретінін білдіреді.
Қайырлы күн! Мен бір компанияға азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт негізінде дизайнер қызметін көрсетіп жүрмін. Өзім немесе компания БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аудару керек пе?
Жеке тұлға қандай да бір ұйыммен қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚСШ) жасасқан кезде, ұйым жеке тұлға үшін салықтар мен зейнетақы жарналарының дұрыс есептелуі, ұсталуы, және уақытылы төленуі үшін жауапты болады. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды компаниялар қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен жүргізеді. Бұл ретте банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ, АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсете отырып, қолма-қол ақшамен салады. Банктер оны кейіннен БЖЗҚ-ға аударады.
Сәлеметсіз бе! Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілгенін естіген едім. Бірақ, менің білуімше, қазірдің өзінде кейбір мамандық қызметкерлеріне қосымша 5% төленеді. Осы туралы толығырақ айтып беріңізші.
Қазіргі кезде сіз атап өткен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға өз қаражаты есебінен жұмыс беруші кәсіптері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін өз қызметкерлерінің пайдасына 01.07.2023 ж. дейін аударады. Ал 01.07.2023 ж. бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аударатын болады. МКЗЖ мөлшері – қызметкердің ай сайынғы табысының 5%.
Қайырлы күн, мен зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы шешім қабылдадым. Қабылданған Әлеуметтік кодекске байланысты жаңа ережелер туралы естідім. Жаңа ережелерге сәйкес қанша жинақ аудара аламын?
Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Әлеуметтік кодексіне сәйкес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЖЗҚ-да төмендегі жарна түрлері бойынша зейнетақы жинақтары бар адамдар инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға мына шектерде аудара алады:
Қайырлы күн, мен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген зейнеткерлер зейнетақы жинақтарын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алатыны туралы оқыдым. Осындай зейнеткерлер санатына кімдер кіретінін және төлемдерді алу үшін қайда жүгінуге болатынын түсіндіріп жібересіз бе?
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, зейнетақы төлемдерін еңбек сіңірген еңбегі үшін алушылар міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) өздері немесе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеуге пайдалануға құқылы.
«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылдың 22 маусым күні "БЖЗҚ" АҚ "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді..
Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз!
2022 жылы зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ оларды алуға уақытылы жүгінбеген 7 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдеріне ие болды. Оның 4,5 мыңы – әйелдер, 2,5 мыңы – ер адамдар. Бұл БЖЗҚ-ның жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес Акционерлік қоғамымен бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ төлем алуға Қорға өтініш білдірмеген адамдарды анықтау тұрғысынан жүргізетін салыстырып тексеру нәтижесінде жүзеге асты.
Жеке кабинет – зейнетақы қызметтерін алу үшін ең қолайлы қызмет
Қазіргі кезде БЖЗҚ зейнетақы қызметтерінің көпшілігін алу үшін ең сұранысқа ие және ыңғайлы жол - enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет. Олардың ішіндегі ең танымалы – зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу. Айта кетейік, бұл ақпаратты электрондық үкімет порталынан да алуға болады. Онда бұл қызмет түрі екі нұсқада ұсынылған:
Қызметтерді цифрлық құжатпен алудың жаңа мүмкіндіктері
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Қазір БЖЗҚ-дан зейнетақы қызметтерін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетпей-ақ алуға болады. Ол үшін еGovMobile ұялы қосымшасында жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз)
Мен зейнет жасына жеткенімде және ай сайынғы зейнетақы төлемдері тағайындалғаннан кейін менің жинақтарымды инвестициялау жалғастырыла бере ме, соны білсем деп едім?
Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға келіп түскен барлық ақша, оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ, сондай-ақ, сіз зейнет жасына толғаннан кейін оларға есептелген инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер бұрынғысынша зейнетақы активтерінің бөлігі болып табылады және ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкі тарапынан инвестициялана беретін болады.
Марқұм әкемнің шотынан 7 миллион теңге маған мұраға қалды. Бұл ақшаны зейнетке шыққанда есептелген инвестициялық табыспен бірге пайдалану үшін БЖЗҚ-дағы МЗЖ шотыма сала аламын ба?
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – агенттер (жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар) міндетті түрде төлеуі тиіс ақша. МЗЖ есептеу нысаны қызметкердің ай сайынғы табысы болып табылады. Ал мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары жұмыскердің табысы емес. Осыған байланысты мұраға қалдырылған ақшаны МЗЖ-ны есепке алу үшін өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңызға (ЖЗШ) сала алмайсыз.
Кәсіпкер, әрі жұмыс беруші ретінде мен қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуларына байланысты зейнетақы жарналарын есептеп, аудару кезінде жұмыскерлердің бүкіл тізімін қайтадан жиі жаңартып отыруға мәжбүрмін. Мұны қалай жеңілдетуге болады?
Дәл осы мақсатта, яғни жұмыс берушілерге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын жеңілдетіп, оңтайландыру, сондай-ақ, зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту үшін БЖЗҚ биыл наурыз айында өз сайтында «Заңды тұлғаның кабинеті» жаңа жобасын іске қосты.
Мамыр айында БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетімде менің ерікті зейнетақы шотыма ҚДКБҚ-дан белгілі бір соманың түскенін көрдім. Осыны түсіндіріп жібере аласыз ба?
Биыл мамыр айында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мәжбүрлеп таратылған және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы, барлық банктік операциялар жүргізу лицензиясынан айырылған 8 банктің («Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ мен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ) салымшыларына кепілдік берілген өтеуі талап етілмеген соманы БЖЗҚ-ға аударды. Бұл қаражат БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін қолданыстағы немесе жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептелді.
Мен зейнеткермін, жақында мессенджеріме бейтаныс нөмірден зейнетақы жинақтарымның 50% алуыма көмек бере алатыны туралы хабарлама алдым. Мен оларға сене аламын ба?
Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) өзінің, жарының (жұбайының) немесе жақын туысының емделуіне ақы төлеу мақсатында пайдалануы егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз етілуіне байланысты көзделген.
Менің пластикалық терезелер шығаратын шағын компаниям бар. Кәсіпорында білікті шеберлер еңбек етуде. Оларды ынталандыру мақсатында зейнетақы шоттарына ерікті жарналарды аударып отырғым келеді. Мұны қалай жасауға болады және мен үшін оның жағымды жақтары бар ма?
Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке тұлға – салымшы өз табысы есебінен өз пайдасына, сондай-ақ, жеке немесе заңды тұлға болып есептелетін салымшы, алушының пайдасына аудара алады. ЕЗЖ кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.
Жақында мен еңбек сіңірген демалысым – зейнетке шығамын. Зейнетақы алу үшін қайда жүгінсем болады?
Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бар болса) есебінен зейнетақы төлемдерін алу мақсатында сіз зейнет жасына толған кезде тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) бірыңғай өтінішпен, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжатпен, банктегі шотыңыз туралы мәліметтермен бірге жүгінуіңіз керек.
Жұбайым екеуміз зейнетақы жинағымызды сақтандыру компаниясына аударғымыз келеді. Бірақ оның жинағының мөлшері сақтандыру компаниясына аударуға жеткіліксіз. Екеуміздің зейнетақы жинақтарымызды біріктіруге болады деп естіген едім, ол үшін не істеу керек?
Өте дұрыс, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Қазақстан Республикасының Заңымен зейнетақы заңнамасына 12.09.2022 жылдан бастап күшіне енген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар бойынша салымшыларға (алушыларға) заңнамада көзделген жағдайларда жұбайларымен немесе жақын туыстарымен бірлесіп зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға мүмкіндік берілді.
Менің буырым Германияға ТТЖ-ға кетейін деп жатыр. Оның зейнетақы жинақтары не болады екен?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерге кеткен (бұдан әрі – ҚР шегінен тыс тұрақты тұратын жер) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, ҚР заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған адамдар құқылы.
1. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан қаражатты қанша рет ала аламын?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында біржолғы зейнетақы төлемі – салымшының (алушының) заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы деп көзделген.
Мен екінші жыл зейнеткермін. Қаңтар айында зейнетақы төлемін өткен жылдың желтоқсанына қарағанда көбірек алдым. Қайта есептеу болды ма және зейнетақы төлемдері қалай есептеледі?
Иә, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан өткен жылғы зейнетақы төлемдері 5% - ға индекстелді.
Мен жеке кәсіпкермін. Жиһаз шығаратын цехымда 8 адам жұмыс істейді. Қазір өз қызметкерлеріміз үшін төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жеңілдетілгенін естідім. Солай ма?
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.
Салық кодексі "Бірыңғай төлем" бөлімімен толықтырылды. Салық кодексінің 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлемге жеке табыс салығының төленуге тиіс сомалары, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), әлеуметтік аударымдар, жарналар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар енгізіледі.
Менің жалақым аз, бірақ лайықты зейнетақы алғым келеді. Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қалай әсер ете аламын?
Зейнетақы төлемдеріне әсер ететін бірінші нәрсе - зейнетақы жарналарының жүйелілігі мен уақытылы аударылуы. Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) да әсер етеді.
Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қызметкерлерге қандай жағдайларда төлеуі керек?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) қызметкердің ай сайынғы табысының 5% мөлшерінде белгіленеді. МКЗЖ аударымдарын жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, кәсіптері өндіріс, жұмыс, кәсіптер тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады. (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысын қараңыз).
Жақында маған 2 топтағы мүгедектік белгіленді. Енді зейнетақы жинағымды емделуге мерзімінен бұрын ала аламын ба?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленген жағдайда туындайды.
Сәлеметсіз бе! Менің атым - Шолпан, 2023 жылдың қаңтар айының басында 61 жасқа толамын. Демек, мен зейнетке шыға аламын ғой? Қайда жүгінуім керек?
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, мақұлдады. Осы Заңда 01.01.2023 жылдан бастап 01.01.2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнетақы жасын 61 жастан бастап белгілеу жоспарлануда, яғни әйелдер үшін зейнетақы жасын ұлғайту 01.01.2028 жылға дейін тоқтатылды. Осыған сүйене отырып, сіздің зейнет жасы - 61 жасқа толатыныңызға байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығыңыз бар.
БЖЗҚ-дан 2023 жылы берілетін зейнетақының мөлшері қандай болмақ?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды.
2023 жылы БЖЗҚ-дан төлемдер алуға кім құқылы?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:
Мен 42 жастамын. Зейнетақы жинағымның бір бөлігін емделуге алғым келеді. Жаңа жылдан бастап мен үшін жеткіліктілік шегі қалай өзгереді және ол немен байланысты?
ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін пайдалануға құқылы.